"Уақыттан энергия маңызды" дейді...
Иә, ұшақ, телефон — бүкіл техника, жаңа шыққан технология атаулы адам өмірін жеңілдетіп, уақытын үнемдеуге арналған.
Десек те, сол есіл уақытты қайда жұмсаймыз!?.
Бойда энергия болмағасын, әлеуметтік желіге желімделіп, сағаттап сайтта отырып, болмашы дүниегелерге уақытты сарп етеміз. Сөйтіп, түбі сарқылып, құрдымға кетеміз. Ендеше, керектердің көшін бастаған өмірлік энергияны қалай, қайдан алсақ болады (life energy):
- Табиғатта тынығу, тауға шығу, таза ауада серуендеу;
- Хоббиіңізбен шұғылдану. Мысалы, қызық кітап оқып, кейіпкерлердің өмірінен сабақ алу;
- Тойып тамақтанбау, ол ықыласты жояды, ынтаны өшіреді - энергияны түгесиді;
- Мөлшерден тыс көп ұйықтау, өйткені мең-зеңдікке әкеледі, ал бұл адамды немқұрайдылыққа сүйрейді, түбі құзға құлатады;
- Тек таза су ішу, зиянды сусындардан аулақ болу;
- Бассейн, ванна қабылдаңыз, ол бүкіл ағза нүктесіне тыныштық ұялатады;
- Өзгелерді өсектемей, жаман ойламау, сонда ұйқыңыз тыныш, асыңыз сіңімді болады;
- Көбірек жаяу жүру, бұл сіздің өз ойыңызды қалыптастырады;
- Орын, орта ауыстыру немесе саяхаттау, өз-өзіңізге жаңалық ашып, қорытынды шығару арқылы энергия әкеледі;
- Сүйікті адамыңызбен уақыт өткізу. Ата-ана, жақындарыңыз т.б. Мысалы, мен қызым Айғанымды көргенде әлемді ұмытамын, бүкіл шаршауым шығады. Ал біреулерді керісінше баласы шаршатады;
- Жүрегіңізге жақын іспен шұғылдану. Мысалы, шәкірттерге сабақ берсем, демаламын, ерекше ұнайды;
- Кейбіреуге түрлі әуен, күй ұнауы мүмкін, бірақ табиғи дыбысқа жететіні жоқ: судың сылдыры, табиғаттың үні, ағаштардың сыбдыры дегендей;
- Сонымен бірге, бәрінен де маңыздысы бар, ол жұмбақ болып қалсын. Оны табиғат та, адам да бере алмайды. Ол — энергия шыңы. Бұл құпия төл шәкірттерге десертке қалсын.
# уақыт#энергия#myustaz
#@sayatedu